Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №4 «Үміт» арнайы мектеп – интернаты» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №4 «Үміт» арнайы мектеп – интернаты» КММ

«Үміт» арнайы мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру барысында бекітілген жоспарға сай 2 «А» сынып жетекшісі И. Утепбаева және 2 «Ә» сынып жетекшісі Р. Несіпбаева тарапынан ұйымдастырылған жол ережелері мен жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша «Реттелетін жол қиылыстары - Бағдаршам» және «Қауіпсіздік басты міндет» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. 

Тәрбие сабағында жол белгілері мен ережелерін үнемі сақтап жүру бойынша кеңестер айтылып, таныстырылды. 

Қауіпсіздік ережелері әрбір оқушы мен ата-ана міндетті түрде білуі керек. Қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау түрі қауіптің алдын алып, жарақат алудан немесе басқа оқыс жағдайлардың болуын болдырмайды. 

Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, есіне сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру, жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру көзделді. «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» деп балаларға толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.