Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №4 «Үміт» арнайы мектеп – интернаты» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №4 «Үміт» арнайы мектеп – интернаты» КММ

Қазақстан Республикасының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен өтетін республикалық спорттық жарыс, «Жұлдызай - 2024» Ұлттық Инклюзивті ойыны 2024 жылдың қазан айының 1-5 аралығында Астана қаласында өткізілді. Ұлттық Инклюзивті ойындардың жарыс бағдарламасы төмендегіше жүргізілді.

- голбол,жеңіл атлетика,үстел теннисі,бочча,мини - футбол, ұлттық ойын түрлері: асық ату, бес асық, тоғыз құмалақ.

Аталған іс - шараға №4 «Үміт» арнайы мектеп-интернатынан 6 оқушы қатысты.

Тоғыз құмалақ ойыны бойынша 10 «А» сынып оқушысы Ауданбек Сәбит I-орын, «Бес тас» ойыны бойынша 10 «А» сынып оқушысы Тілеулес Ұлдана I-орын, «Бочча» ойыны бойынша 5 «А» сынып оқушысы Тұран Іңкәр I-орын, 10 «А» сынып оқушысы Әбдіразақ Дамир II- орынды иеленді.

[15:30, 21.10.2024] Aigerim апке Умит: 2024 жылдың 14 ші қазан күні Қаратау қаласы, Фасфорит кешенінде «Әке,Анам және мен» атты отбасылық спорттық сайыс өткізілді. Аталған сайысқа төрт топ қатысты. Олар; «Жалын» тобы, «Қыран» тобы, «Шымыр» тобы және «Тұлпар» тобы.

Ойын шарттары:

  1. Эстафеталық таяқшамен жүгіру;
  2. Жүйрік паравоз
  3. Кегли.
  4. Шарды түсірме.
  5. Капитандар сайысы.

Сайысқа қатысушы команда капитандары ата -аналар болды. Сайыс өте қызықты, көңілді өтті. Сайысқа қатысушы «Жалын» тобы өздерінің шымыр және мықтылығымен бас жүлдені иеленіп, «Қыран» тобы «Жүйріктер» номинациясы бойынша, «Шымыр» тобы «Алғырлар» номинациясы, «Тұлпар» тобы «Ептілер» номинациясымен марапатталды