Қазақстан Республикасының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен өтетін республикалық спорттық жарыс, «Жұлдызай - 2024» Ұлттық Инклюзивті ойыны 2024 жылдың қазан айының 1-5 аралығында Астана қаласында өткізілді. Ұлттық Инклюзивті ойындардың жарыс бағдарламасы төмендегіше жүргізілді.
- голбол,
- жеңіл атлетика,
- үстел теннисі,
- бочча,
- мини- футбол,
-ұлттық ойын түрлері: асық ату, бес асық, тоғыз құмалақ.
Аталған іс- шараға №4 «Үміт» арнайы мектеп-интернатынан 6 оқушы қатысты.
Тоғыз құмалақ ойыны бойынша 10 «А» сынып оқушысы Ауданбек Сәбит I-орын, «Бес тас» ойыны бойынша 10 «А» сынып оқушысы Тілеулес Ұлдана I-орын, «Бочча» ойыны бойынша 5 «А» сынып оқушысы Тұран Іңкәр I-орын, 9 «А» сынып оқушысы Әбдіразақ Дамир II - орынды иеленді.Жеңімпаз оқушыларымыздың жетістіктерін мектеп-интернат директоры А.Т.Кашкеева жеңістерімен құттықтап, алғысын білдірді. Алдағы уақытта оқушыларымыз тек биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз!!!