Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №4 «Үміт» арнайы мектеп – интернаты» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №4 «Үміт» арнайы мектеп – интернаты» КММ

Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран етіп, қазақ тілінің мәртебесін көтеру және тіл туралы мағұлмат беру.

Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл-қыздары бізге ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан жеткен аманат.
Мерекелік іс шара тәрбиеші Есіркепова Жансұлудың орындауында «Анамның тілі» әнімен ашылып, оқушыларымыз тіл туралы жыр шумақтарын оқып, қазақ елінің белгілі би шешендерінің шешендік сөздерінен үзінді көрініс тауып, 7 «А» сынып оқушысы Көпеш Мәуленнің орындауындағы «Мерекем» әнімен қортындыланды.

Ұйымдастырушы педагог: Доспанова А.Б