Оқушылардың ұстазға деген сый құрметін арттыра түсу, эстетикалық тәрбие беру және шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып өнерге баулу.
Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол – мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы. Мемлекетіміздің өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы да – ұстаз. Бір сөзбен айтсақ, мұғалім – мемлекет өкілі. Ол өзінің ісімен де, сөзімен де, жүріс-тұрыс мәдениетімен де, мектепте және мектептен тыс қоғамда Тәуелсіз еліміздің эталондық бейнесі болып табылады.
Мектеп – интернат оқушылары 5 қазан Ұстаздар мерекесіне орай, «Ұстаз - мектептің жүрегі» атты іс шара өткізілді. Іс - шара барысында мектеп директоры Кашкеева Айгүл Тілеубердіқызы сөз алып, ұстаздарды мерекелерімен құттықтады. Оқушылар ұстаздарға деген алғыстарын өлең шумақтары мен ән жолдау арқылы білдірді. Мерекелік кеш ұстаздарға жақсы көңіл күй сыйлады.