Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №4 «Үміт» арнайы мектеп – интернаты» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №4 «Үміт» арнайы мектеп – интернаты» КММ

Қазақстанда Қазан айының екінші жексенбісі елімізде Мүгедектігі бар адамдар күні болып белгіленген. Республикада ерекше қажеттіліктері бар 719 мыңнан астам адам тұрады. Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қолдауы мен өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі .Мүгедектігі бар адамдарды жан-жақты әлеуметтік қолдаудың негізгі мақсаты – олардың қоғамға толыққанды қатысуы, өз әлеуеттерін іске асыру үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау.

Мектеп-интернат оқушылары «Мейірімділік - жүректен» атты іс шара өткізді. Іс шара барысында Тілеулес Ұлдана мен Жолшыбек Эльназ «Жақсы адамдарым» әнін орындап, бастауыш сынып оқушылары «Батырлар» және «Парижге саяхат» биін орындады. Нұрлан Мәулен «Мейірім керек» әнімен көрермендердің көңілінен шықты. Әбдіразақ Дамир «Менің досым» әнін орындап, Самарқан Абунасыр мен Тілеулес Ұлдана арбадағы би «Шапалақ» биін өте жақсы деңгейде орындап шықты.