24 қазан - кітапханашылар күні бұл атаулы дата 2022 жылдан бері аталып келеді. Үкіметтің 2022 жылғы 18 қазан № 833 қаулысымен "24 қазан - кітапханашылар күні" болып бекітіліп, үш жылдан бері бұл мереке ресми түрде аталып келеді. Осы орайда мектеп-интернат оқушыларын біршама жаңа да, қызықты кітаптар қатарымен таныстыру мақсатында «Кітап - менің досым» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме барысында кітапханашы Ж. Джумабекова оқушыларға көптеген қызықты кітаптарды оқуға ұсынды. Сонымен қатар педагог ұйымдастырушы А. Доспанова кітап қарым қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы екендігі жөнінде кеңестер беріп, оқушыларды кітап оқып жарысуға шақырды.