2024 жылдың 14 ші қазан күні Қаратау қаласы, Фасфорит кешенінде «Әке, Анам және мен» атты отбасылық спорттық сайыс өткізілді. Аталған сайысқа төрт топ қатысты.
Олар; «Жалын» тобы, «Қыран» тобы, «Шымыр» тобы және «Тұлпар» тобы.
Ойын шарттары:
1.Эстафеталық таяқшамен жүгіру;
2.Жүйрік паровоз
3.Кегли.
4.Шарды түсірме
5.Капитандар сайысы.
Сайысқа қатысушы команда капитандары ата - аналар болды. Сайыс өте қызықты, көңілді өтті. Сайысқа қатысушы «Жалын» тобы өздерінің шымыр және мықтылығымен бас жүлдені иеленіп, «Қыран» тобы «Жүйріктер» номинациясы бойынша, «Шымыр» тобы «Алғырлар» номинациясы бойынша, «Тұлпар» тобы «Ептілер» номинациясымен марапатталды.


