Күзгі асар жәрмеңкесі аясында табиғи материалдарды қолдана отырып қолөнер бұйымдарын жасау. Балаларға жұмыс жасату арқылы ұсақ қол маторикасын дамыта отырып, ұйымшылдыққа және шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында, бекітілген оқу жоспары бойынша «Күзгі асар» атты топтық жұмыс топтар арасында жүргізілді.
Топ тәрбиеленушілерінің орындауында күзгі табиғи материалдары мен табиғаттың көркем сыйларын пайдалана отырып,тәрбиешілермен бірігіп жасаған қолөнер бұйымдарынан жәрмеңке өткізілді.Балалар ермексаз және суретті боямалармен, түрлі-түсті қағаздармен жануарлар және түрлі ойыншық суреттерін жасап, әрі бояп жұмыс жүргізді. Бұл жұмыс топта жасалды, оқушылар қолөнер жұмыстарымен қуана бөлісті.