Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №4 «Үміт» арнайы мектеп – интернаты» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №4 «Үміт» арнайы мектеп – интернаты» КММ

Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға, қарттарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Қазақ халқы қашанда үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізет көрсете білген. Халқымыз дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Ақсақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге орап, көтерген екен. Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметке ие.

Мектеп оқушылары ауданымыздағы №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығына барып «Қариясы бар ел қазынасы бар ел» тақырыбында мерекелік іс шара ұйымдастырып, қариялардың көңілін көтеріп, жақсы көңіл күй сыйлады.