"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Заң және тәртіп" айлығының жоспары негізінде мектеп директоры А.Т. Кашкеева мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Ж. Жұматованың қатысуымен педагог-психологтар О. Каражигитова мен А. Төрехан 5-12 сыныптар арасында "Буллингтен өзіңді қалай қорғауға болады?" тақырыбында психологиялық кеңестерін өткізді.
Мақсаты: Оқушылар арасында кездесетін буллинг, кибербуллинг, зорлық-зомбылықтың алдын алу. Оқушыларға буллингтің не екенін, оның қандай түрлері бар екенін және айырмашылықтарын түсіндіру, буллингтің салдарынан туындайтын қиыншылықтардың алдын алу.
Буллингке ұшыраған жағдайда оны жасырмай ата-анасына, сынып жетекшісіне немесе мектеп психологына айту ұсынылды. Оқушылар буллингтің әртүрлі түрлері, оның себептері мен салдары туралы маңызды мәліметтер алды. Сонымен қатар, буллингтен қорғану жолдары, бір-біріне қолдау көрсету және түсіністік таныту туралы талқылаулар жүргізілді.
Мектеп директоры А.Т. Кашкеева оқушыларға құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын және қиын жағдайларда көмекке жүгінудің жолдарын түсіндіріп, оқушылардың құқықтарын қорғаудың негізгі қағидаларын баяндады. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Ж. Жұматова оқушыларға біреуді мазақтауды тоқтату, достарды қолдау, жақсы қарым-қатынас орнатып, мейірімді болудың маңызды екенін атап өтті. Психологтар тарапынан оқушыларға бір-біріне достық ықыластарын білдіру арқылы жылы сөздерін арнауды ұсынды.