Тәуелсіздік күніне орай тарих пәнінің мұғалімі Бейсенова Гүлбану Наргелқызы мектеп оқушыларымен «Желтоқсан жаңғырығы жадымызда »тақырыбында кездесу кешін өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихын таныстыру,патриоттық сезімін қалыптастыру,елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру болды.Кездесу кешіне тәуелсіздік оқиғасының куәгері Гүлшат Мұратқызы қонаққа келді.Гүлшат Мұратқызы оқушыларға Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолындағы оқиғаны өз аузымен баяндап берді. Оқушылар қонаққа көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, сұхбаттасты.
Оқушыларымыз кездесу кешін өз өнерлерімен жалғастырды. Патриоттық әндер шырқап,көрініс көрсетті,көркем сөз оқыды.
Кеш соңында Гүлшат Мұратқызы елімізге, оқушыларға жүрек жарды тілегін айтты.