Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №4 «Үміт» арнайы мектеп – интернаты» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №4 «Үміт» арнайы мектеп – интернаты» КММ

XIX JULDYZAI Республикалық балалар шығармашылық фестивалі 2 сәуір күні Тараз қаласында офлайн форматта өтті. Байқауға  10 аудан және  Тараз  қаласынан 80 ге жуық оқушы 4 номинация бойынша қатысты. Қатысушылар  вокал, хореография, ым-ишара, аспаптық орындау номинациялары  бойынша өз өнерлерін  көрсетіп, нәтижесінде барлығы жүлделі орнындарды жеңіп алды. Атап айтсақ,хореографиядан Тілеулес Ұлдана мен Самарқан Абунасыр «Шляпа» биімен I-орын иеленіп 100 000 ның сертификаттарына  ие болды. Вокал номинациясы бойынша  6 «А» сынып оқушысы Нұрлан Мәулен  «Менің Атам» әнімен II-орын иеленді. Фистивальдің мақсаты  ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақстандық қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ету. Ұлттық әлемдік мәдениет пен өнердің үздік  дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту және насихаттау, оның өкілдерінің  шеберлігін арттыру.