3 желтоқсан-Халықаралық мүгедектер күніне орай, №4 «Үміт» арнайы мектеп-интернатының ұйымдастыруымен 01.12.2023 жылы «Ұлбике» атындағы мәдениет сарайында мектеп-интернат түлектері мен тәрбиеленушілерінің «Әрбір бала-бір жұлдыз» тақырыбында шығармашылық фестивалі өтті.Фестивальдің ашылуын салтанатын Талас ауданы білім бөлімінің басшысы Мақсат Арапұлы және талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлдана Шерәлиқызы сөз сөйлеп,балаларға сәттілік тіледі.Мектеп-интернат тәрбиеленушілері мен түлектері өз өнерлерін көрсетіп,елдің алғысына бөленді.Сонымен қатар,тәрбиеленушілер өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарынан арнайы көрме ұйымдастырды.Талас аудандық мәслихат депутаты Сейдалиева Ләззат Дәулетқызы мектебімізге арнайы келіп оқушыларымызға демеушілік жасап» « бегавая доржка» және « велотренажер» сыйға тартты. Фестиваль соңында мектеп-интернат директоры Айгул Тілеубердіқызы Кашкеева қорытынды сөз сөйлеп,балаларға шығармашылық табыс тілеп,көрермендер мен демеушілерге алғыс білдірді.